Біздің тәжірибе

Басты  /  Біздің тәжірибе

Ірі ауылшаруашылық компаниясының үлесін ұзақ мерзімді бөліп-төлеу арқылы сатып алу шартын толық құқықтық қолдау. Құқықтық аудит, болашақ тәуекелдерді ескеру мен алдын-алу.

Жобалау компаниясының тапсырушысымен болған дауда мүддесін қорғау, нәтижесінде жобалау жұмыстарының құны өндіріліп, қарсы талаптар бес есеге азайтылды.

Салықтарды қосымша есепке жазу жөнінде хабарламаны заңсыз деп тану жөніндегі Салық органдарымен дау нәтижесінде салық сомалары қайта есептелді.

Құрылыс компаниясымен болған дауда үлескердің мүдделерін қорғау. Іс нәтижесінде үлескерге заңды пәтері беріліп, мүлікке қойылған барлық шектеулер алынып тасталды.

Халықаралық алаяқтық бойынша жәбірлеушінің мүддесін қорғау. Текеру жүргізіліп, барлық алаяқтық жүйе анықталды.

Корпоративті кіріс салығы және қосымша құн салығын есепке жазу жөнінде хабарламаны шағымдану. Шағымдану нәтижесінде құзыретті орган есепке жазылған салық сомаларын азайту туралы шешім қабылдады. Жаңа сома шыншыл және Клиентті қанағаттандыратын болып шықты.

Қалада жаңа аудан құрылу себебінен фирма басқа аумақтық салықтық органға тіркеуге тұрды. Алайда салықтар бұрынғы салық органының есептік шотына төленді. Одан кейін жаңа орган өсімпұл есептеді. Клиент өсімпұлды төледі, өйткені оның банкте жаңа есеп шотын ашу қажеттілігі болды. Осыдан кейін, біз өтінішті жазып, оны қарау нәтижесі бойынша барлық талаптар қанағаттандырылды және өсімпұл сомасы салықтық төлемдер артық төленген ретінде есепке есептелді.

Халықаралық компаниялар тобының құрамына кіретін заңды тұлғаның топ-менеджеріне кеңес беру. Оған қатысты салықты төлемеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеңес алу нәтижесінде клиент қажетті ақпаратты және кейінгі әрекет ету жоспарын алды. Содан кейін, сот сараптамасының қорытындысына шағым жасалып, қылмыстық іс әкімшілік құқықбұзушылық санатына қайта өзгертілді.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушыны жосықсыз деп тану туралы талап-арыз бойынша қатысушыны қорғау. Клиент бірқатар бұзушылықтарға жол берді. Бірақта дұрыс әрекет және стратегияға байланысты сотта мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар реестіріне кіргізуге жол берілмеді.

В результате спора в рамках договора авторского заказа по разработке мобильных приложении, в суде было доказано, что работы не соответствуют договору. В пользу клиента была взыскана сумма аванса, неустойки, а также штрафные санкции, предусмотренные договором.

Мобильды қосымшаны әзірлеу бойынша авторлық тапсырыс беру келісім- шарты шеңберіндегі дау нәтижесінде сотта атқарылған жұмыстар келісім- шартқа сәйкес келмейтіні дәлелденді. Клиент пайдасына аванс сомасы және келісім-шартта қарастырылған айыппұл санкциялары өндірілді.

Жер иесі, құрылыс компаниясы, тапсырыс беруші және шетел инвесторы қатысқан Астанада тұрғынүй кешенін салу туралы келісім-шартын құқықтық қолдау.

Предоставление интересов учредителя в споре с исполнительным органом. В результате десятка гражданских судов и уголовного дела были защищены интересы учредителя.

Үлкен құрылыс компаниясымен келісім-шарт шеңберінде мердігердің мүддесін қорғау. Нәтижесінде келіспеушіліктер хаттамасы жасалып, мердігердің құқығы қорғалды.

Компанияның құрылтайшысы мен атқарушы органның арасындағы дауда құрылтайшы мүддесін қорғау. Нәтижесінде оншақты азаматтық соттардың және қылмыстық іс нәтижесінде құрылтайшының құқықтары қорғалды.

Шикізат және құрылыс материалдарын өндіру туралы бірлескен қызмет туралы келісім-шартты құқықтық қолдау.

Шетелдік инвестор қатысуымен өнімді экспорттау бойынша компанияны ашу.

Ірі шетел инвесторына, онымен келісім-шарт жасасу жөніндегі үкіметтің қаулысын қабылдау тәртібі жөнінде, және ол актінің заңдылығы жөнінде заң қорытындысын беру

Norton Rose Fulbright LLP және Reed Smith LLP халықаралық заңгерлік кеңесішілерімен Қазақстан Республикасына қарсы инвестициялық дау аясындағы талап-арыз бойынша жұмыс жасау

Алтын ғасыр ТК үлескерлерімен болған дауда Қазақстан Үкіметінің мүддесін қорғау.

Байланыс

+7 7172 49-62-79

info@kelisimpartners.kz

Астана қ., Қорғалжын тасжолы 19, 403Б офисі