Команда

Басты  /  Команда

Елдос Нұғманов

Консультант

Елдос құқықтық мәселелер бойынша көп жылдық тәжірибесі бар маман. Ұзақ мерзім бойы ҚР Әділет министрлігінде жұмыс істеді, бұл оған заңға тәуелді актілерден бастап халықаралық келісім-шарттарға дейін  нормотворчестволық қызметтің барлық жақтарын жан-жақты меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Елдос ҚР Мұнай және газ министрлігінде, сонда-ақ ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясында жұмыс істеді. Осыған орай, көмірсутек өнімдерін барлау мен өндіру, сатып алу, тасымалдау, мұнайды процессингілеу келісім-шарттарды құқықтық сүймелдеу сұрақтарында тәжірибесі бар. Елдостың “Болашақ” бағдарламасы бойынша алған халықаралық жоғары білімі бар. Келісім Партнерсте Елдос оның білім мен тәжірибесі шеңберіне кіретін сұрақтар бойынша консультант болып табылады.

Білімі:

  • Қазақ гумантиарлық-заң университеті, Астана қ., Заңтану, 2000-2004 ж.ж.
  • “Болашақ” университеті, Қызылорда қаласы, Экономика және қаржы  (сырттай оқу, 2004-2006)
  • INTO University of East Anglia Норвич қ, Ұлыбритания, Ағылшын тілін үйрені курстары, 2013-2014
  • Brunel University, Лондон, Ұлыбритания, LLM, Халықаралық коммерциялық құқық, Магистратура (2014- 2015)

Үлкен жобалары:

  • “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану” туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңды іске асыру бойынша норамтивтік құқықтық актілердің жобаларын жасау және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу;
  • Инвестицияларды қолдау саласында халықаралық келісім-шарттарға қол қою мәселесі бойынша шетелдік контрагенттермен келіссөздерге қатысу;
  • “Қазмұнайгаз” ҰК АҚ-ң барлық компаниялар тобына Үлгілік келісім-шарттарды әзірлеу тобын басқару;
  • және т.б.