Қызметтер

Басты  /  Қызметтер

Қызмет туралы:

Қазақстанда бизнес ашқан кезде компанияның нысанын дұрыс таңдау қажет. Әр нысанның өзінің артылықшылықтары және кемшіліктері бар. Көбіне біздің елде бизнес Жеке кәсіпкерлік, ЖШС және АҚ түрінде жұмыс істейді.
Сонымен бірге, шетел компаниясына Қазақстандағы өзінің өкілділігін немесе филиалын ашу қажеттігі жиі туындайды. Филиал Қазақстан аумағында шаруашылық қызметті жүргізе алады. Өкілдік шаруашылық қызмет жүргізе алмағанмен, шетелдегі заңды тұлғаның құрылымы болып табылады, оның мүдделерін қорғап, әрі оның атынан келісімдер және өзге де құықтық әрекеттер жасай алады.
Біз сізге Қазақстандағы бизнесті тіркеу бойынша, заңды тұлғалардың нысандары, салық режимін таңдау, құрамында шетелдік элеметтер бар компаниялардың ерекшеліктері жайында және өзге де сұрақтар бойынша кеңес береміз.

Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:

– заңды тұлғаларды, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды тіркеу;
– барлық нысандардағы заңды тұлғаларды қайта тіркеу, құрылтайшы құжаттарға өзгерістер енгізу, заңды тұлғаның реквизиттерін өзгерту, құрылтай жарнасын өзгерту, қатысушылар құрамын өзгерту;
– өкілдік пен филиалдарды қайта тіркеу, олар жайлы ақпаратқа өзгерістер енгізу;
– шетедік тұлғаға ЖСН алу;
– жеке тұлғаға электронды цифрлық қолтаңба алу.