Қызметтер

Басты  /  Қызметтер

Қызмет туралы:

Сот дауы кезіндегі көптеген мәселелер өкілдің жұмысына тәуелді. Кей жағдайларда шындық сіздің жағыңызда болса да, сот өкілінін қателігі нәтижесінде жеңіліп қалуыңыз мүмкін. Себебі өкіл қажетті құжатты көрсетпеуі немесе өзінің позициясын сотқа жеткізе алмауы мүмкін. Біз айналысатын салалардағы сот даулары қиын дәрежелі істер санатына жататындығын ескерсек, сот өкілінің жұмысының маңыздылығы одан да арта түседі. Біздің фирманың стандарттар жүйесі заңгердің қателік жасауын болдырмауға, жасалып жатқан жұмыстын сапасын қадағалауға, сіздің ісіңізді кешенді түрде зерттеп, құқықтарыңызды тиімді қорғауға бағытталған. Біз кәсіби абыройымызды түсірмеу үшін, клиенттердің разы болуы үшін жұмыс жасаймыз.

Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:

– ісінізге анализ жасап құқықтық қорытынды береміз, мүмкін болған тәуекелдер жайлы айтамыз;
– құқықтық позиция мен стратегияны дайындаймыз;
– дәлелдерді жинақтап, қажет болған жағдайда қосымша мамандарды іске қосамыз;
– талап-арызды дайындап сотқа береміз;
– қамтамасыз ету шараларын қолдануды талап етеміз;
– сот отырыстарына қатысамыз;
– мүдделеріңізді аппеляциялық және кассациялық соттарда
қорғаймыз;
– сот орындаушыда атқару ісінің қозғалғандығын қамтамасыз етеміз;
– тек қана даумен шектелмей клиентке тиімді балама жолдарды іздейміз. Мысалы бітімгершілік немесе медиациялық келісімге келу.

Біз не істейміз:

– қарызды өндіріп алу;
– жұмысты қабылдау актілерін қол қойылған деп тану;
– келісімшартты заңсыз деп тану;
– мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы ретінде тану бойынша істерде мүдделеріңізді қорғау;
– салық органының хабарламасын заңсыз деп тану;
– корпоративті дауларды жүргізу;
– жер дауларын жүргізу;
– салық, құрылыс, жылжымайтын мүлікті тіркеу және корпаративті құқық салаларындаға соттарға қатысу.

Неліктен біз:

– нәтижелі сот тәжірибесі;
– стратегия құрудағы командалық әдіс;
– үнемі білімімізді арттырып, сот практикасындағы соңғы
өзгерістерден хабардармыз.