Команда

Басты  /  Команда

Жалел Джузбаев

Басқарушы партнер

Kelisim Partners негізін қалаушысы, әрі басқарушы партнері. Консалтингте, in-house lawyer ретінде және прокуратура мен әділет органдарында тәжірибесі бар заңгер. Халықаралық арбитраждардағы инвестициялық даулар жөнінде, жергілікті соттардағы азаматтық даулар бойынша және жер қойнауын пайдалану контрактілеріне сараптама жасау маманы. Сондай-ақ, көп уақыт бойы нормативті актілері жобаларының сараптамасымен айналысты. Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Білімі:
● Лондон қаласындағы халықаралық заң фирмасындағы тағылымдама (2015);
● University of Aberdeen, Ұлибритания, Халықаралық коммерциялық құқық магистры (2010- 2011);
● Қазақ гуманитарлық заң университеті, заң магистрі, үздік диплом (2005-2007);
● Қазақ гуманитарлық заң университеті, заң бакалавры, үздік диплом (2001-2005).

Жобалар:
● Ірі шетел инвесторына, онымен келісім-шарт жасасу жөніндегі үкіметтің қаулысын қабылдау тәртібі жөнінде, және ол актінің заңдылығы жөнінде заң қорытындысын беру
● Norton Rose Fulbright LLP және Reed Smith LLP халықаралық заңгерлік кеңесішілерімен Қазақстан Республикасына қарсы инвестициялық дау аясындағы талап-арыз бойынша жұмыс жасау
● Алтын ғасыр ТК үлескерлерімен болған дауда Қазақстан Үкіметінің мүддесін қорғау.
● Және тағы басқа